Шампан ішімдігін тоңазытқышта сақтауға болмайды

АСТАНА. 28 желтоқсан. ҚазАқпарат - Шарап сарапшылары миллиондаған адамның алкогольдік ішімдік сақтаудағы қателіктерін анықтады. Зерттеушілер бес адамның біреуі шарап таңдауда өзін білгір санап және достары, туыстары мен әріптестеріне осыны мойындату үшін бәрін жасайтынын анықтады. Бірақ шындығында олардың көбі ішімдікті пайдалануда көптеген қателіктерге жол беріп жатады.

Кейбір адам қателесіп шарапты асүйде сақтайды. Негізінен бұл жер оны сақтауда жылы болып саналады және ішімдіктің сапасын бүлдіреді. Ал енді біреулер шараптың дәмін оған мұз қосу арқылы өзгертеді. Тағы біреулері шарапты оттың жанына қойып қыздырып, оның дәмін түсініксіз етеді.

Сарапшылар сонымен бірге, шампанды тоңазытқышта ұзақ сақтамауға кеңес береді - оның тығыны суықтан жиырылып, ауа жіберіп қояды, деп жазады Росбалт.