Қызылорда облысы
Қызылорда облысында челленджді облыстық филармонияның әншісі Гаухар Бисекенова жалғастырды. Ол Шәмші Қалдаяқовтың «Қайдасың» әнін шырқады.
Өнерпаз әлеуметтік желідегі жазбасында бұл бастаманың мақсаты композитор әндерін орындаумен ғана шектелмейтінін атап өтті.
— Бүгінгі челлендж — ұлы композитор мұрасын жаңғыртып қана қоймай, Шәмші әндері арқылы өткен мен бүгінді, аға буын мен жас ұрпақты жалғайтын рухани көпір болмақ. Ендеше, Шәмші әлеміне бірге саяхат жасайық! Челленджді ән әлеміндегі барша өнер иелеріне жолдаймыз! Шәмші әні — халық жүрегінде. Шәмші мұрасы — мәңгілік әуен! — деп жазды Гаухар Бисекенова.
Осылайша, Қызылорда, Түркістан, Ақмола және Қарағанды облыстарының өнерпаздары Шәмші Қалдаяқовтың туған күніне орай оның әндерін қайта шырқап, музыкалық эстафетаны жалғастырып жатыр.