Синоптиктердің болжамына сенсек, республикамыздың шығысында ғана жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
— Оңтүстік циклонның жүруіне байланысты Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты күтіледі: найзағай ойнап, бұршақ жауады, солтүстік-батыс өңірде нөсер жаңбыр болады… Республикамыз бойынша ортақ табиғи құбылыс — желдің күшеюі, еліміздің оңтүстігінде шаңды дауыл тұрады деп болжанады. Түнде және таңертең еліміздің солтүстігінде, солтүстік-батысында тұман түседі. Күндіз Алматы, Жамбыл облыстарының оңтүстік-батысында қатты ыстық болады, — деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.