Шаңғы жарысынан Финляндиядағы әлем кубогына қатысатын құрама спортшылары белгілі болды

Фото: Фото: ҰОК

АСТАНА. KAZINFORM – 29 қарашада Рука қаласында (Финляндия) шаңғы жарысы бойынша әлем кубогы басталады. Қазақстан құрамасының жаттықтырушылар штабы алдағы додаға қатысатын құрамды таныстырды. 

Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, әлем кубогы үш күнге жалғасады, яғни 1 желтоқсанда мәресіне жетеді. 

Ерлер арасында Наиль Башмаков, Федор Карпов, Олжас Климин, Святослав Матасов, Владислав Ковалев, Виталий Пухкало және Ернар Нұрсбековтер старт сызығына шығады.

Әйелдер арасындағы бәсекеге Дарья Ряжко, Надежда Степашкина, Камила Махмұтова, Камила Елгазинова, Ангелина Шурыга және Ксения Шалыгина қатысады.

Еске сала кетейік, бұған дейін елордада қысқы спорт маусымы шаңғы тебу фестивалімен жазған хабарлаған едік.