Ерлер арасында шаңғымен тұғырдан секіру (биік тұғыр) бәсекесінде, Илья Мизерных және Данил Васильев ел намысын қорғады.
Нәтижесінде, Мизерных 140.5 метр ұзақтыққа секіріп, 137 ұпаймен ақтық сынға жолдама алды.
Айта кетерлігі, ол осыған дейінгі қалыпты тұғырдан секіруде 37-орын алған болатын.
Осыған дейін хабарлағанымыздай, бүгін 16 қазақстандық спортшы жеті спорт түрінен жарыс жолына шығады.