ҚР ТСМ Спорт комитетінің хабарлауынша, 2024 жылғы жасөспірімдер арасындағы Канвон Олимпиадасының чемпионы Илья Мизерных іріктеу кезеңінде ең ұзақ 140,5 метрге дейін секірді.
Жүлдегерлер:
1-орын. Домен Превц (Словения) - 301.8 ұпай
2-орын. Рен Никайдо (Жапония) - 295.0 ұпай
3-орын. Кацпер Томасяк (Польша) - 291.2 ұпай
8-орын. Илья Мизерных - 281.6 ұпай
27-орын. Данил Васильев - 235.9 ұпай
Илья Мизерных жарыс барысында Олимпиада чемпионы Филипп Рейменд (Германия), Йоханн Андре Форфанг (Норвегия), Андреас Веллингер (Германия) сынды фавориттерден озып кетті.
Осыған дейін Қазақстан әртістік жүзуден екі алтын медаль жеңіп алғаны туралы жаздық.