Жарыстың алғашқы күнінде Илья Мизерных 12-орын алды. Данил Васильев 13- нәтиже көрсетті.
Екінші күні финалдық кезеңде Қазақстан атынан тек Илья Мизерных өнер көрсетті. Жарыс қорытындысы бойынша ол 16-орынға тұрақтады.
ҚР ҰОК мәліметінше, бұған дейін Польшаның Висла қаласында өткен жазғы Гран-при кезеңінде Данил Васильев екі рет үздік ондыққа кірді (төртінші және бесінші орындар).
Айта кетейік, 15 жастағы Снежана Қашқарова Өзбекстанда өтіп жатқан Азия чемпионатында 5 алтын иеленді.
Қазақстандық жасөспірімдер таеквондодан Ресейдегі турнирде үш медаль жеңіп алды.