Шаңғышы қыздар Азия ойындарының ширек финалына шықты

АСТАНА. KAZINFORM — Туризм және спорт министрлігі шаңғышы қыздарымыздың Азия ойындарының ширек финалына шыққанын мәлімдеді.

Фото: Туризм және спорт министрлігі

- IX қысқы Азиадада шаңғыдан әйелдер арасындағы спринттен іріктеу жарыстарында қазақстандық Дарья Ряжко (3:39,72) 3-орын, Надежда Степашкина (3:40,50) 4-орын, Ксения Шалыгина (3:44,90) 7-орын, Мария Люфт (3:55,84) 10-орын алып, келесі кезеңге шықты, - деп жазды ведомстводан.

Ширек финал Астана уақытымен сағат 10:00-ге жоспарланған.

Айта кетейік, таңертең байрақты бәсекеде Қазақстан құрамасы қоржынына алғашқы медаль түсті.