Шаңғы спорты бойынша әлем чемпионаты өтіп жатыр

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Финляндияның Лахти қаласында шаңғы спорты бойынша әлем чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кеше ерлер мен әйелдер еркін әдіспен спринттік бәсекеде бақтарын сынады.

Онда ерлер арасында Италиялық Федерико Пеллегрино жеңіске жетті. Ресейлік  Сергей Устюгов екінші, Норвегиялық Йоханнес Клебо үшінші орындарды иеленді. Қазақстандық спортшылар  Денис Волотка 40-шы, Дәулет Рахымбаев 56-шы орындардан көрінді.

Ал әйелдер арасында Норвегиялық Майкен Касперсен Фалла топ жарды. Америкалық Джессика Диггинс (+1.66) пен Киккан Рэндалл (+3.76) күміс пен қола медальдарды мойындарына тақты. Қазақстандық Анна Шевченко 43, Анна Стоян 51, Ольга Мандрика 54, Ирина Быкова 55 орындарды қанағат тұтты.