Жерлесіміз жарыста бесінші болып келіп, үздік ондыққа ілікті. Оның мәреге келу уақыты 26:35.4. болды.
Бірінші орынды 25:57.3. уақытта келген ресейлік Мария Истомина алса, екінші орынға 25.59.3. көрсеткішімен финляндиялық Эвелина Пиипо табан тіреді. Үздік үштікті 26.26.9. уақытымен Норвегиядан келген спортшы Уднес Венг қанағат тұтты.
Сондай-ақ қазақстандықтардан арасында Иван Люфт сәтті өнер көрсетті. Ол ерлер арасындағы спринттен 11-ші болып келді.