Шаңғы спорты, әсіресе, Қазақстанның солтүстік өңірлеріндегі бұқаралық спорт түріне айналуы қажет екендігін атап өткен ол: «Біз тек қана чемпионаттар және алдағы Азиада туралы ғана ойламауымыз керек. Сонымен қатар шаңғы спортының солтүстік өңірлердегі танымалдылығын арттыруға да баса назар аударуымыз қажет», - деді.
Сондай-ақ ол өз сөзінде барлық жалпы білім беретін мектептерді шаңғы спортымен айналысуға қажетті бұйымдармен жабдықтау, қыс мезгілінде жарыстар өткізіп тұруға назар аудару қажеттігіне де тоқталып өтті.
Ө.Шөкеев сонымен қатар елорда әкімдігіне қаланың барлық саябақтарында шаңғы жолдарын құру мәселесімен айналысуға тапсырма берді.
Айта кетейік, ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары әрі еліміздің Шаңғы жарыстары федерациясының президенті Ө.Шөкеевпен кездескен ел спортшылары бүгін Еуропаға жол тартып, онда олар Австрия, Финляндия, Швеция, Германия, Италия мемлекеттерінде өтетін бірқатар дайындық жиындары мен жарыстарға қатысады.