Шаңғы жарыстары бойынша ҚР ашық кубогы өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматыдағы «Алатау» шаңғы-биатлон кешенінде желтоқсанның 23-27-сі аралығында ерлер мен жасөспірімдер және қыздар арасында шаңғы жарыстары мен биатлоннан ҚР ашық кубогы өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жарысты Алматы қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы, Ұлттық штаттық командалар және спорт резерві дирекциясы, ҚР шаңғы жарысы Ұлттық Федерациясы және 28-ші Дүниежүзілік Қысқы Универсиада дирекциясы ұйымдастырмақ.

ҚР ашық кубогына еліміздің 10 аймағынан тоғыз команда қатысады. Олар: Алматы облысы, Алматы, Астана, Шығыс Қазақстан облысы, Батыс Қазақстан облысы, Қарағанды облысы, Қостанай облысы, Павлодар облысы және Солтүстік Қазақстан облысы.

Жарыс Халықаралық Шаңғы Федерациясының (FIS) күн тәртібіне енгізілген. Елішілік жарыстың басты мақсаты  - қаңтар айында Алатау баурайында алауы тұтатылатын Қысқы студенттік ойындар қарсаңында барлық функционалдық бағыттарды тексеру.

Өтетін орын: «Алатау» шаңғы-биатлон кешені, Алматы облысы

 Биатлон бойынша жарыс кестесі:

23 желтоқсан - біліктілік жарыстары;

24 желтоқсан - спринт (барлық жасқа);

25 желтоқсан - пурсит (ерлер, жеткіншектер, жасөспірім ұлдар); 2

26 желтоқсан - пурсит (әйелдер, жеткіншектер, жасөспірім қыздар);

27 желтоқсан - эстафета (барлық жасқа).

Шаңғы жарыстарының кестесі:

23 желтоқсан - Жеке жарыс (әйелдер, ерлер)

24 желтоқсан - Ізге түсу жарысы

26 желтоқсан - Спринт (әйелдер жарысы).