НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін, 31 қаңтар күні Алматы облысында «Алатау» тау-шаңғы базасында шаңғы жарысынан Қазақстан кубогінің кезеңі басталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
ҚР Ұлттық олимпиадалық комитеті хабарлағандай, жарыс төрт күнге созылады. Оған Қазақстанның 11 өңірінен жиналған ең таңдаулы спортшылар қатысады.
Жарыс бағдарламасы:
31.01.2020 – Ресми жаттығу
01.02.2020 – Әйелдер және ерлер топтары арасындағы классикалық стильдегі жекелей жарыс
02.02.2020 – Ерлер және әйелдер топтары арасындағы еркін стильдегі спринт бойынша жекелей жарыс
03.02.2020 – Ресми жаттығу
04.02.2020 – Ерлер және әйелдер арасындағы еркін стильдегі масс-старт
.
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.