Бүгін Алматыдағы «Солдат» шатқалындағы шаңғы-биатлон стадионында ерлер мен әйелдер арысындағы алыс қашықтыққа жүгіру жарысы өтті. Сорокин қашықтықты 58 минут 6 секундта жүріп өтті. Сөйтіп қатарынан үшінші рет алтыннан алқа тақты. Күміс жұлде тағы бір қазақстандық спортшы Алексей Немцевке бұйырды. Ол чемпионнан 8 минут 4 секундқа қалып қойды. Көмбеге жеңімпаздан 15 минут 50 секундқа кеш келген моңғолиялық Герелт-Од Баяраа (Gerelt-Od Bayaraa) қола жүлдегер атанды.
Әйелдер арасында да күміс жүлдені қазақстандық бағдарлаушы жеңіп алды. Көмбеге екінші болып келген Евгения Кузьмина Ольга Новиковадан 17 минут 19 секундқа қалып қойды. Үшінші орынды оңтүстіккорейлік Ким Дж Юн (Kim Ja Youn) алды. Оның нәтижесі: 1 сағат 12 минут 56 секунд.
Айта кетейік, бұған дейін Новикова мен Сорокин спринтерлік сайыс пен орташа қашықтықтағы жарыста жеңімпаз атанған болатын. Биылғы Азиадада бағдарлаушылар бағдарламасында тағы екі старт қарастырылған: 5 ақпан күні ерлер мен әйелдер арасында эстафеталық жарыстар өтеді.