Ол қашықтықты 2 сағат 3 минут 27,3 секундта бағындырды. Екінші орынды тағы бір норвегиялық Шур Рёте (0,6 секунд артта қалды) еншіледі, ал үшінші орынды оның отандасы Дидрик Тонсет ( 3,5) иеленді. Төрт дүркін Олимпиада чемпионы, әлем чемпионы және төрт дүркін әлем кубогының иегері швейцариялық Дарио Кельья мәреге тоғызыншы болып ( 1,15,9) келді.
Айта кетер жайт, бұл оның спорттық мансабындағы соңғы жарысы.
Биылғы маусымда әлем чемпионатының тағы бір кезеңі 11-13 наурызда Швецияның Фалун қаласында өтеді.