АСТАНА. ҚазАқпарат - Халықаралық олимпиада комитетінің (ХОК) тәртіптік комиссиясы ресейлік шаңғышылар Александр Легков пен Евгений Беловты Олимпиадаларға қатысу құқығынан өмір бойға айырып, 2014 жылғы Сочи ойындарындағы нәтижелерін жоққа шығарды, деп хабарлайды ТАСС.
Дегенмен спортшылар Халықаралық шаңғы спорты федерациясы (FIS) аясындағы жарыстарға қатысу мүмкіндігін сақтап отыр және Лозаннадағы спорттық төрелік соттағы ХОК шешіміне наразылық білдіруге ниетті.
ХОК Легковты 50 шақырым қашықтыққа еркін жүгіру жеңісінен және ол құрамында болған эстафеталық команданы екінші орнынан айырды. Легковтан басқа 4х100 м эстафетада Дмитрий Япаров, Александр Бессмертных және Максим Вылегжаниндер жүгірген болатын.
Еркежан Смағұлова
2008 жылы Ш. Құдайбердіұлы атындағы СМУ-дың журналистика факультетін бітірген. Еңбек жолын облыстық «Семей таңы» газетінен бастаған. 2018 жылдан бастап Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінде аудармашы.