Шаңғышылар Еуропадағы ең ірі жанартаудан аққан лава тасқынын видеоға түсіріп алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Италиядағы Сицилия аралында 27 ақпанда оянған Этна жанартауынан аққан лава тасқыны бәсеңдер емес.

Аралдың шығыс жағалауындағы Этна Еуропадағы ең биік жанартаулардың бірі. Ол теңіз деңгейінен 3345 метр биіктіке орналасқан.

Этна бұдан бұрын өткен жылдың мамырында бірнеше сағат бойы тоқтаусыз атқылаған еді. Онда жанартаудан атылған отты сұйық заттардың ағыны бірнеше сағатқа созылған. Бірақ жергілікті тұрғындардың қалыпты тіршілігіне бөгет болмады. Бұл жолы да қауіптің ауылы алыс тәрізді. Әзірге Этнаның тап түбінде орналасқан халықаралық Фонтанаросса әуежайы штаттық режімде жұмыс жасауда.

YouTube желісінде шаңғышылар түсірген  табиғи құбылыстың осынау ерекше көріністері жарияланды.