Қазақстандық тау шаңғышылары екі күнге созылған жарыста «слалом-гигант» сайысы бойынша үздіктерді анықтады. Екі әрекеттің қорытындысы бойынша ерлер арасында Игорь Закурдаев бірінші орын алса, екінші орынды - Дмитрий Кошкин, ал үшінші орынды - Павел Черниченко қанағат тұтты.
Әйелдер арасында үздік нәтижені Ксения Строилова көрсетті. Екінші орынға - Людмила Федотова табан тіресе, үшінші орынды - Мария Антошкевич иеленді.
Шаңғышылардың бас бапкері Сергей Чаадаев Жалпы Азия ойындарында 8 спортшыға үміт артып отыр.