Шанхай әуежайында жарылыс болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚХР-да Шанхай халықаралық Пудун әуежайында пиротехника жарылды.

«Сина» жаңалықтар порталының хабарлауынша, оқиғадан зардап шеккендер бар. Әзірге олардың саны нақтылануда.
ТАСС атап өткендей, оқиға тіркеу бағанының маңында әуежайдың екінші терминалында орын алған.
Зардап шеккендер ауруханаға жеткзілді. Полиция оқиғаның мән-жайын тергеуге кірісті.