Ведомствоның мәлімдемесінде айтылғандай, сейсенбіде анықталған вирус жұқтырғандардың ішінде коронавирус диагнозы тек 1 189 адамда расталды, қалған 25 141 адам симптомсыз тасымалдаушылар болып шыққан.
Материктік Қытайда пандемия басталғаннан бері COVID-19 диагнозы қойылғандардың жалпы саны 167 мыңнан асты, 140 мыңнан астам адам жазылып, ауруханалардан шығарылды, 4638 адам қайтыс болды.
Коронавирустың жаңа толқыны материктік Қытайдың әкімшілік-аумақтық бірліктерінің көпшілігін шарпыды. 11 сәуірдегі жағдай бойынша Қытайда коронавирусқа қарсы жалпы 3,3 миллиард доза вакцина енгізілді.