Шанхай маңында жанып жатқан танкер жарылудың аз-ақ алдында тұр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бұл апат өткен сенбі күні Шанхайдан 260 шақырым жерде болды. Ираннан Оңтүстік Кореяға мұнай өнімдерін алып келе жатқан Sanchi танкері өртенді, деп хабарлайды bbc.com.

Экипаждың 32 мүшесі - 30 ирандық және Бангадештің екі азаматы  із-түзсіз жоғалған. Соңғы деректерге қарағанда, олардың бірінің денесі табылған. Аспанға қара бұлттай көтерілген уытты заттардың кесірінен құтқарушылар апат орнына жақындай алмауда.

Қытай билігі Sanchi танкері кез келген уақытта жарылып, суға батып кетуі ықтимал деп мәлімдеді.

Ал онымен соқтығысқан құрғақ жүк тасымалдайтын CF Crystal кемесіндегі 21 экипаж мүшесінің ешқайсысы зардап шеккен жоқ.  Ол АҚШ-тан дән тиеп келе жатқан.

Екі кемені неліктен соқтығысқаны әзірге анық емес.