Шанхай мастерс турнирі: Александр Бублик әлемнің 2-ракеткасына жол берді

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстанның бірінші, әлемнің 22-ракеткасы Александр Бублик Шанхай (Қытай) ATP 1000 турнирінің ширек финалына шыға алмады.

Фото: sports.kz

Қазақстандық теннисші төртінші айналымда әлемнің 2-ракеткасы, германиялық Александр Зверевке тап келді.

Бұл матчтың фавориті германиялық спортшы еді.

Бірінші партияда тай-брейкте Зверевтің мерейі үстем болды - 7:6 (8:6).

Екіншісінде Бублик брейк жасап, басымдылық танытты - 6:4.

Үшінші, шешуші сетте тағы да тай-брейкте германиялық теннисшінің асығы алшысынан түсті - 7:6 (7:1).

Екі сағат 41 минутқа созылған тартысты бәсекеде Бублик 20 эйспен бірге 3 брейк-пойнттың екеуін құр жіберген жоқ. Зверев 14 эйс, 1 брейкпен (6 брейк-пойнт) ерекшеленді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Юлия Путинцеваның Қытайдағы турнирде негізгі кезеңге өткенін жазған едік.

Шанхай мастерс турнирінде Александр Бублик қарсыласын камбэкпен жеңді.

Елена Рыбакина әлемдік рейтингіде көшбасшылық орнын сақтап қалды.