Қазақстандық теннисші үшінші айналымда әлемнің 19-ракеткасы, америкалық Брэндон Накашимамен бетпе-бет келді.
Бірінші партияда тай-брейкте америкалық спортшы басым болды — 7:6 (9:7).
Екіншісінде Бублик есе қайырды — 6:3.
Үшінші, шешуші сетте Александр Бублик тай-брейкте жеңісті жұлып алды — 7:6 (7:5).
Екі сағат жарымға жуық уақытқа созылған тартысты бәсекеде қазақстандық спортшы 22 эйс жасап, 1 брейк-пойнтты пайдалана білді. Накашима 12 эйспен шектелді.
Александр Бублик ширек финалға шығу үшін әлемнің 2-ракеткасы, германиялық Александр Зверевпен шеберлік таластырады.
Былтыр Шанхайда екінші айналымнан аса алмаған Александр Бублик биылғы сәтті ойыны нәтижесінде қазіргі кезде ATP live рейтингісінде 18-орынға көтеріліп тұр.
Еске салайық, бұдан бұрын Александр Бубликтің Шанхай мастерс турнирінің үшінші айналымына өткенін жазған едік.
Жібек Құламбаева Түркиядағы турнирдің финалынан тыс қалды.
Юлия Путинцева Қытайдағы турнирде негізгі кезеңге өтті.