Шанхай жылжымайтын мүлік саудасына салынатын салықты азайтады

АСТАНА. KAZINFORM - Қытайдың ірі мегаполисі Шанхай билігі 1 желтоқсаннан бастап жылжымайтын мүлікті сатуға салынатын салық мөлшерін төмендетуді жоспарлап отыр. Бұл шаралар тұрғын үй нарығындағы сұранысты арттыруға бағытталған.

Фото: Руслан Сүлейменов / Kazinform

Синьхуа агенттігінің хабарлауынша, жаңа ережеге сәйкес, енді бірыңғай салық мөлшерлемесі 1 пайызды құрайды.

Шанхай билігі сондай-ақ жеке тұлғаларды екі немесе одан да көп жыл иелігінде болған «люкс» жылжымайтын мүлікті сату кезінде 5% ҚҚС төлеуден босатуды жоспарлап отыр.

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, жылжымайтын мүлік нарығының «баяу» жағдайында Қытай билігі сұранысты ынталандыруға және жылжымайтын мүлік нарығын тұрақтандыруға арналған салық, қаржы және нарық саясаты салаларында бірқатар шара енгізбекші.

Қыркүйек айының басында Қытай Халық банкі (Орталық банк) Қытай экономикасын ынталандыру үшін бірқатар жаңа шара, соның ішінде қолданыстағы үйлер бойынша ипотекалық несие мөлшерлемелерін төмендетілетінін жариялады.

Осыған дейін Қазақстан мен Қытайдың 2,5 млрд долларға келісім жасағаны туралы жаздық.