Ол - 56 жастағы шанхайлық азамат. 11 сәуірде құс тұмауы вирусын жұқтыру диагнозы расталған болатын және дәрігерлердің күш салуына қарамастан, ол бүгін таңертең қалалық қоғамдық денсаулық сақтау клиникалық орталығында көз жұмды.
Осылайша қытайлық мегаполистегі бұл қауіпті вирус құрбандарының саны 16 адамға жетті. Шанхайда барлығы H7N9 вирусын жұқтырудың 33 оқиғасы тіркелген, 15 адам емдеу курсынан кейін жазылып кетсе, екі пациент стационарлық жағдайда емделуді жалғастыруда.
Жалпы Қытайда қазіргі уақытта H7N9 вирусын жұқтырудың 131 оқиғасы расталды, соның ішінде 39-ы өліммен аяқталған.