Шанхайда КВИ-ден емдейтін 100-ден астам уақытша аурухана салынды

ШАНХАЙ. СИНЬХУА-ҚазАқпарат - Шанхайда COVID-19 індетін жұқтырғандарды емдеу үшін 100-ден астам уақытша модульды аурухана салынды. Олар 160 мыңнан артық науқасқа есептелген. Бұл туралы мегаполистің әкімшілігі баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қалада қазір 8 мыңнан астам науқасты қабылдай алатын 8 аурухана жұмыс істеп тұр. Осы демалыста тағы жаңадан ашылады. Эпидемиологиялық жағдайға қарай ауруханалар мен уақытша модульды стационарларды қажетті ресурстармен қамтамасыз ету жағы күшейтіледі», - деді Шанхай вице-мэрі Цзун Мин.

Күні кеше қалада COVID-19 індетін жұқтырған 1015 науқас тіркелді, сондай-ақ 22609 адамның коронавирусты сипмтомсыз тасымалдаушы екені анықталған.

Баспасөз мәслихатында айтылғандай, бүгін шаһарда антигендерге жалпықалалық тестілеу басталды. Ал індеттің жайылуына жол бермеу үшін COVID-19 нуклеинді қышқылдарына жаппай тестілеудің тағы бір кезеңін өткізу жоспарланып отыр.

Бұған дейін Қытайда коронавирус жұқтырудың рекордтық саны - 23107 адам тіркелген болатын.