Сары жейде киген Геда АҚШ президенттігіне үміткер Дональд Трамп пен Хиллари Клинтонның суреттерінің бірін таңдауы тиіс еді. Нәтижесінде маймыл оғаш қылықты миллиардерді артық көрді, тіпті картон бейнелі Трампты сүйіп алған. Shiyanhu Ecological Tourism паркінде өмір сүретін примат бірнеше рет сәуегейлік жасап, көзге түскен.
Channel New Asia хабарлауынша, 2016 жылдың басында маймыл Португалия ұлттық туының жанына отырып, банан жей бастаған. Осылайша, футболдан Еуропа чемпионатының жеңімпазы Португалия боларын алдын ала «білген». Сол себепті, жергілікті тұрғындар Геданы «сәуегейлер патшасы» деп атайды.