«Отанымнан жырақта жүріп дауыс беру құқығымды пайдалана алғаным үшін қуаныштымын. Шанхай қаласында 100-ден астам шет мемлекеттерден 50 мыңнан астам студент білім алуда. Олардың барлығы өз елінің саяси өміріне қатыса алмайды. Қазақстан азаматтары үшін елден тыс жерлерде де жағдай жасаған Президентке, еліме алғысым шексіз», - деді ол.
№244 сайлау учаскесінде бірінші боп дауыс берген студент Шанхайдағы ҚР Бас консулы Жошыхан Қыраубаевтың атынан естелік сыйлықпен марапатталды. Ол студентке оқуда табыстар тіледі.
Д. Қожаннан кейін Ляньюньган қаласының «Қытай-қазақстандық халықаралық логистикалық компания ААҚ» бірлескен кәсіпорын қызметкерлері дауыс берді.
Компания бас директорының орынбасары Қанатбек Нұрәлі Ляньюньган қаласында Қазақстаннан 5 өкіл жұмыс істейтінін атап өтті. Олар Шанхайда сайлау өтетінін естіп, елдің маңызды шарасына қатысу үшін арнайы келген.
Еске салсақ, Шанхайда, Цзянсу, Цзянси, Анхой, Чжэцзян және Фуцзян провинцияларында Қазақстан азаматтары Шанхайдағы ҚР Бас консулдығындағы №244 сайлау учаскесіне келіп ҚР Парламенті Мәжілісіне сайлауға қатыса алады.