Шанхайда су спортынан өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық спортшы финалға өте алмады

БЕЙЖІҢ. 26 шілде. ҚазАқпарат /Руслан Сүлейменов/ - Шанхайда су спортынан өтіп жатқан әлем чемпионаты сейсенбі күні жалғасын тапты. 50 метрге жүзуден жартылай финалда қазақстандық спортшы Владислав Поляков шешуші кезеңге шыға алмай қалды.

Қазақстан спортшысы 27,81 секунд көрсеткішпен бірінші жолы мәреге алтыншы болып келді.

Естеріңізге сала кетейік, 16 шілде мен 31 шілде аралағында Шанхайда су спортынан XIV әлем чемпионаты өтіп жатыр. Жарысқа Қазақстанның ұлттық құрамасы қатысуда.

Жарыстың он күннен кейінгі нәтижесі бойынша Қытай құрамасы алда келеді, екінші орында - Ресей, үшінші орында - АҚШ тұр.