Шанхайда жеңіл моторлы ұшақ көпірге соғылды - ВИДЕО

АСТАНА. ҚазАқпарат - Шанхайда гидроұшақ көпірге соғылып, апатқа ұшырады. Жергілікті БАҚ хабарлаған мәліметтерге сүйенсек, оқиға салдарынан 5 адам қаза тапқан.

Ұшақта 10 адам болған. Оның ішінде шанхайлық телеарнаның операторы мен репортері де болған. Бұл гидроұшақтың алғаш рет көкке көтерілуі екен, деп жазады CCTV.