Шанхайда жүк ұшағы апатқа ұшырады

None
АСТАНА. Қарашаның 28-і. ҚазАқпарат - Жүк ұшағы Шанхайдың халықаралық әужайында апатқа ұшырады, экипаждың жеті мүшесін құтқару жұмыстары жүргізілуде,

деп хабарлайды ҚазАқпарат РИА «Новости» агенттігіне сілтеме жасап.

Зимбабвенің жүк лайнері «Пудун» әужайында жергілікті уақыт бойынша сағат 07:40-та апатқа ұшырады. Жерден көтерілгеннен кейін көп ұзамай ұшақтың құйрық бөлігі жана бастаған және жерге құлап түскен. Қолда бар деректерге қарағанда лайнердің бортында жеті адам болған. Қазіргі уақытта олардың төртеуі қирандылардың арасынан құтылып шықты. Олардың барлығы да түрлі дәрежедегі жарақаттар алған. Қалған үшеуін іздеу жалғастырылуда.

Қытайдың орталық теледидарының (CCTV) ақпаратынша «Пудун» әужайындағы апатқа байланысты екі ұшу-қону жолағы жабылған.