Біріншілікке әлемнің 181 елінен 2,2 мыңнан астам спортшы қатысуда. Спортшылар 16 күнге созылатын чемпионат барысында жүзуден, суға секіруден, үйлесімді жүзуден, су добы мен ашық судағы спорт түрлерінен күш сынасады.
Бұл жарыстарға Қазақстанның ұлттық құрамасы да қатысуда. Жарыстың екі күнінің қорытындысы бойынша Қытай құрамасы көш бастап келеді. Ал екінші және үшінші орындарда, әзірге - Ресей мен Германия тұр.