Алдымен жартылай финал жекпе-жектерінде ағайынды Айбек пен Нұрбек Оралбай жеңіске жетті. Артынша, олардың қатарына Нұрбол Қалжанов (56 кг дейін), Саматәлі Төлтаев (60 кг дейін) және Талғат Шайкен (81 кг дейін) қосылды. Тағы бір қазақстандық спортшы Шалқар Айқынбай (49 кг дейін) турнирді қола медальмен аяқтады.
Финалдағы жұптар мыналар:
56 кг - Нұрбол Қалжанов - Чен Жихао (Қытай);
60 кг - Саматәлі Төлтаев - Мишилт Батвмур (Моңғолия);
69 кг - Талғат Шайкен - Джоэль Энверцо Бахо (Филиппиндер);
81 кг - Нұрбек Оралбай - Жан Жиле (Қытай);
91 кг - Айбек Оралбай - Реламу Абудериксити (Қытай).
Финалдық жекпе-жектер 8 маусым күні Нұр-Сұлтан уақытымен 15:00-де басталады.