Шанхайдағы ірі өрттің құрбандарының саны 53 адамға жетті

БЕЙЖІҢ. 16 қараша. ҚазАқпарат /Руслан Сүлейменов/ - Шанхайдың орталығындағы 28 қабатты тұрғын үйде дүйсенбі күні басталған өрт салдарынан 53 адам қаза тауып, 70 адам түрлі дәрежедегі дене жарақаттарымен ауруханаларда жатыр, олардың 17-сі ауыр халде.

Қазіргі күні өрттің шығу себептері анықталып, оның зардаптарын жою шаралары қолға алынуда.

Қытайдың Қоғамдық қауіпсіздік министрі Мэн Цзяньчжу Шанхайдағы ірі өрттің себептерін анықтау үшін ҚХР Мемлекеттік кеңесінің тобы құрылатыны туралы мәлімдеді.