«Біз өз таңдауымызды жасадық! Біз тәуелсіз, тұрақты, дамыған және гүлденген болашақ үшін дауыс береміз! Алға, Қазақстан!» - делінген үндеуде.
Бейнебаян биылғы жылдың 26 сәуірінде өтетін президенттік сайлауда Шанхай қаласында және Чжэцзян, Фуцзянь, Цзянсу, Цзянси және Аньхой провинцияларында жүрген Қазақстан азаматтары ҚР-ның Шанхай қаласындағы Бас консулдығының жанындағы № 244 сайлау учаскесінде дауыс бере алатынын еске салады.