«Airbus A340» ұшағы «Virgin Atlantic» компаниясына тиесілі. Ұшақтың мәжбүрлі түрде қонуына жүксалғыш бөлігінің түтіндеуі себеп болған.
Ұшақ бортында 286 жолаушы, 15 экипаж мүшесі болған. Зардап шеккендер жоқ. Қазір олардың барлығы Иркутск қаласы әуежайының халықаралық терминалында.