Сенбі күні Шанхайда адамның құс тұмауын жұқтыруының жаңа оқиғасы тіркелді. Бұл туралы қала басшылығынан хабарлаған.
Аталмыш диагноз Шанхайдың 86 жастағы тұрғынына қойылыпты. Қазіргі таңда ол әл үстінде жатыр. Белгілі болғандай, қауіпті вирусты жұқтырудың алдында қария зайыбымен бірге құс базарына барған.
Естеріңізге сала кетейік, ауру жұқтырудың негізгі оқиғалары Қытайдың шығыс бөлігінде тіркелген. Бүгінгі таңда Қытай, Тайвань және Гонконгты қоса есептегенде бұл вирусты 145 адам жұқтырған. Солардың үштен бірінен астамы көз жұмды.