«Шаңырақ» Республикалық қоғамдық бірлесті конференция өткізеді

АЛМАТЫ. Желтоқсанның 7-сі. ҚазАқпарат / Әділет Мұсахаев / - Алматыда желтоқсанның 14 күні «Нұр Отан» ХДП Алматы филиалының ғимаратында «Қазақстан Республикасының облыс әкімдерінің жанындағы Қоғамдық кеңестерді эксперттік сараптамалармен қолдау мәселесі бойынша және осыған қатысты шараларды ұйымдастыру мен өткізу» тақырыбында конференция өткізеді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

         Шара ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің жобасы бойынша «Шаңырақ» Республикалық қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өтпек.

         Конференция жұмысына ҚР Парламентінің Мәжіліс және Сенат депутаттары, ҚР Үкіметінің, Алматы қаласының атқарушы және билік  органдарының өкілдері қатысады. Сонымен қатар әлеуметтік келіспеушіліктерді шешетін және сараптайтын сарапшылар, үкіметтік емес ұйымдар мен саяси партиялар өкілдері болады.