Шаолинь ғибадатханасының бастығын тергеп жатыр
АСТАНА. KAZINFORM – Орталық Қытайдың Хэнань провинциясындағы Шаолинь ғибадатханасының бастығы Ши Юнсиньді бірнеше ведомство тергеп жатыр. Бұл туралы ғибадатхана әкімшілігінің жексенбі күні жарияланған мәлімдемесінде айтылған, деп хабарлайды Синьхуа ақпарат агенттігі.
Ши Юньсинь қылмыстық құқықбұзушылықтар, соның ішінде ғибадатхана қаражаты мен мүлкін жымқыру және иемдену деген күдікке ілінді. Ол сондай-ақ буддалық өсиеттерді өрескел бұзды, бірнеше әйелмен ұзақ уақыт бойы орынсыз қарым-қатынаста болды және кем дегенде бір некесіз баласы бар деп айыпталып отыр.
Мәлімдемеде қосымша ақпараттың халыққа дер кезінде қолжетімді болатыны айтылған.
Айта кетелік Қытайдың 5 өңірінде су тасқынына байланысты төтенше әрекет режимі енгізілген еді.
Сонымен қатар АҚШ пен Қытай жасанды интеллект саласында көшбасшы атанған еді.