Шараа 1967 жылдан бері БҰҰ отырыстарына қатысқан алғашқы сириялық көшбасшы болмақ
АСТАНА. KAZINFORM — Сирия президенті Ахмед аш-Шараа БҰҰ Бас ассамблеясының отырысына қатысу үшін Нью-Йоркке келді, деп хабарлайды ANEWS.TV.
Мемлекеттік ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Сирия президенті 1967 жылдан бері бұл шараға алғаш рет қатысып отыр.
Әл-Қаиданың бұрынғы жетекшісі Шараа мамыр айында АҚШ президенті Дональд Трамппен кездескен. Эр-Риядтағы кездесуде Ақ үй басшысы оны мойындап, Сирия президенті дипломатиялық жетістікке қол жеткізді.
— Осыдан кейін АҚШ Сирияға салынған санкциялардың көпшілігін алып тастады. Ал Трамп әкімшілігі Шарааның елді біріктіру және тұрақтандыру жөніндегі күш-жігерін қолдайтынын білдірді, — делінген ақпаратта.
Ахмед аш-Шараа сейсенбіде Бас Ассамблеяның сессиясында өзінің инаугурациялық сөзін айтады деп жоспарланған.
Айта кетейік, тәліптер Трамптың Баграм әуебазасын қайтару туралы талабын қабылдамады.