«The Independent» басылымының жазуынша, ирандықтар қонақтарды қабылдаушы тарап - француздардан үстелге халал тамақтар қойылып, алкоголь сусындарын жолатпауды сұраған. Алайда, француздар өздерінің республикалық құндылықтарының сақталуын: дәстүрлі еуропалық ас мәзірінде шарапты жөн санайтынын айтқан.
Оның орнына «Елисей сарайы» қонақтарға түскі ас орнына таңғы ас мәзірін қабылдауды ұсынды. Бірақ, Иран жағы бұл идеяны қабыл алмай оның «тым арзан» екенін айтқан.