Бұл туралы агенттікке аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Сержан Иманқұлов айтты, деп хабарлайды pavlodarnews.kz .
«Айтулы дата біздің аудан үшін ерекше орын алады. Себебі бүгінгі ұрпақтың бейбіт өмір кешуі үшін отқа түскен батырлар барлық құрметке лайық. Ардагерді туған күнімен аудан әкімі Балғабай Ыбыраев, облыстық мәслихаттың депутаты Александр Поляков және құрметті азаматтар, әскери қызметкерлер құттықтап, естелік сыйлықтар табыстады», - дейді бөлім басшысы.
Ефим Петренко 1917 жылы Новоселовка Цюрупинский ауылында дүниеге келген. Соғысқа дейін 9 сыныпты бітірген, ауылдық аймақтарда пошта бөлімшелерінде жұмыс істеген. 1939 жылы Қызыл әскер қатарына шақырылып, Финляндиядағы майданға қатысқан. Краснодарда лагерьде артиллериялық топогеодезиялық барлаушы болып оқыған. 1941 жылы оқуды аяқтағаннан кейін сержант Петренко Киев әскери округіне аттанған. 1942 жылдың күзінде зеңбірек жарылғанда оғының сынықтары ардагердің аяғын тесіп кетіп, салдарынан ампутация жасауға тура келген. Бұдан кейін Мәскеу және Горький қалаларында емделген. 1943 жылы госпитальдан шығарылып, еліне қайтарылған. 1945 жылдың соңына дейін Шарбақтыда байланыс кеңсесі басшысының көмекшісі болып қызмет етті. Бұдан кейін жер қатынастары бөлімі басшысының ұсынысы бойынша 30 жылдан астам уақыт бір аяқсыз аудандық жер қатынастары бөлімінде, кейін зейнеткерлікке дейін аудандық ауыл шаруашылығы басқармасында жерге орналастырушы болып жұмыс істеген. Айта кетерлігі, бүгінгі таңда Шарбақты ауданында төрт ардагер қалған. Олар - Михаил Ковтун, Андрей Лялюк, Ефим Петренко және Николай Ягусеевич.