Салтанатты шарада ауданның мерей тойына арнайы қонақ болып қатысқан ел ағалары Орынбай Рахманбердиев пен Кенжехан Төлебаев, Абдулла Ахметов пен Исамуддин Рысбаев және Жаппар Кәрімовтар құттықтау сөз сөйлеп, жерлестерінің қуаныштарын бөлісті. Ақын Қазыбек Иса биылғы жылы 70 жасқа толған жерлес ақын Қасқыр Серікбаевқа қазақ хандығының 550 жылдығына орай шығарылған мерекелік медальді салтанатты жағдайда табыс етті. Аудандық мәслихаттың хатшысы Бұлтбай Мүтәлиев құттықтау сөз сөйлеп, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлестерін қосып жүрген бір топ азаматтарға мерекелік медаль табыс етті. Олардың арасында еңбек ардагерлері, аудандық мәслихат депутаттары, спортшылармен қатар ауданның жаңалықтарын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялап жүрген бір топ журналистер де бар. Шара барысында сондай–ақ, ҚР Мәдениет қайраткері, сазгер Жалғас Кеңесовтің «Туған жерге тағзым» атты концерті өткізілді. Ал, №16 колледжде «Сән әлеміне саяхат» тақырыбымен ұлттық киім және ұлттық қолөнер бұйымдарының байқауы ұйымдастырылды. Кешке қарай «Алты алаш» алаңында «Шардара – шаттық мекені» атты өнер жұлдыздарының қатысуымен гала-концерт ұйымдастырылып, мерекелік шара соңы отшашуға ұласты.
22:56, 23 Қараша 2019
Шардара ауданында ауыл шаруашылығы еңбеккерлері марапатталды
ШАРДАРА. ҚазАқпарат – Түркістан облысы, Шардара ауданында ауыл шаруашылығы еңбеккерлері марапатталды. Ауданның құрылғанына 55 жыл толуына орай ұйымдастырылған думанды мерекеде аудан әкімі Қайрат Жолдыбай ала жаздай егіс басында тер төккен диқандар мен төрт түлік мал өргізген озат шаруаларға алғыс хаттар мен сый-сияпаттарды тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.