Шардарада бақташы 30 млн теңгенің малын ысырап етіп, жоқ қылған

Фото: None
ШАРДАРА. ҚазАқпарат - Түркістан облысында бақташы біреудің 30 миллион тұратын малын жоқ қылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шардара полициясына Жетісай ауданы тұрғындарының біріарызданып келді. Оның айтуынша, 2017 жылы Шардара ауданына қарасты құмдағықұдықта өзіне тиесілі 617 бас ұсақ малды өзара келісімшарт бойынша жылдықтөлдің 50%-ын бағатын болып Шардара ауданының тұрғынына сеніп тапсырған. Биылғы4 маусымда қойларын санауға келген ол әрқайсысы 35 000 теңге болатын 617бас саулық қойын, құны 60 мың теңге болатын 15 қошқарын, құны 200 000теңге болатын биылғы 307 бас қозысын және құны 400 000 теңге болатын 1 жылқысынбақташының ысырап еткенін көреді. Материалдық шығын көлемі - 30 миллион теңгегежуық.

«Аталған жайт ҚР ҚК 189-бабы бойынша тіркелді. Полицияқызметкерлері жедел іс-шара барысында бақташы болып жұмыс істеген Жетісайауданының тұрғынын ұстады. Полиция қызметкерлерінің анықтауынша, жәбірленуші617 бас қойын бақташыға беріп, ол мал басының өсуі мен сақталуын бақылауғаміндеттенеді. Алайда, күдікті екі жыл ішінде оған сеніп тапсырылған малды заңсызысырап етіп, сатып жіберген» делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта бөтен мүлікті иемдену және ысырап етудерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті ешқайдакетпеу жөнінде қолхат берген. Сараптама тағайындалған.

Түркістан облысының полицейлері өз кезегінде мал иелерінеқырағы болу және өз мүлкінің сақталуын қадағалау қажеттігін ескертеді. Үй малынжайылымда қараусыз қалдыруға, сондай-ақ оны танымайтын адамдарға бағуға беругеболмайды.

Соңғы жаңалықтар