Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 32 және 22 жастағы екі балықшының жоғалғаны туралы хабар кезекші бөлімге 27 желтоқсан күні күндізгі сағат 16:58-де жеткен. Олар балық аулауға шыққан моторлы қайық сол күні табылған.
Оқиға орнына жеткен сүңгуірлер суға батқандар болған аумақты 6-7 метрлік тереңдікте түгел сүзіп шықты. Құтқарушыларға балықшылардың туыстары мен аудандық ішкі істер қызметкерлері де қолғабыс етті. Алайда ол күні іздеу жұмыстарынан нәтиже шықпаған.
Ал, келесі күні күндізгі 12.40-тар шамасында жағадан 7 шақырым қашықтықта балықшылардың бірінің мәйіті судан шығарып алынды. Екінші балықшының денесі балық аулаған жерінен 50 метр тұстан табылды.