Мерекелік шараға жиналған қауымға мәдениет үйінің өнерпаздары әннен шашу шашып, керемет көңіл-күй сыйлады. Айтулы күнде аудан әкімі Қайрат Жолдыбай көпбалалы аналарға саналы ұрпақ тәрбиелеп, еліміздің демографиясын өсіруге қосқан өлшеусіз үлестері үшін алғыс айтты. Аудан тұрғындарына жылы лебізін білдіріп, мерекемен құттықтады.
«Алғыс айту күні – маңызды мерекелердің бірі. Өскелең ұрпақты отансүйгіштікке, бауырмашылдыққа тәрбиелеу басты мақсат болса, айтулы күннің берері мол екені анық. Бүгінде Шардара ауданында 30-дан астам ұлт өкілі тату-тәтті тіршілік кешуде. Олар көктемнің шуақты күнінде бір біріне ыстық ықылас танытып, алғыс айтумен келеді»,- деді аудан әкімі.