Коронавирус инфекциясымен күресте аса қажетті аппаратты қабылдап алған аудандық аурухананың бас дәрігері Нұржан Нөсеров оттегі концентраторларының саны осымен 40-қа жеткенін атап өтті. Емдеу мекемесіне жуырда ғана жылжымалы медициналық кешен берілген болатын. Көшпелі емхана аудан орталығынан шалғай орналасқан ауылдардарға барып медициналық көмек көрсететін болады. Заманауи медициналық кешен флюорография, ультра дыбыстық зерттеу, ЭКГ, офтальмоскоп, оториноскоп, зертхана және жалпы тәжірибелі дәрігер кабинетімен жабдықталған. Қазіргі таңда ауруханада коронавирус инфекциясымен ем қабылдап жатқан науқас жоқ. Дегенмен ықтимал екінші толқынға дайындық барысында аурухана 200-ге жуық пульсоксиметр, 9 дана ИВЛ-мен қамтылған. 100 төсек орын орталықтандырылған оттегі нүктесімен жасақталған. Медициналық ұйымның қызметкерлері тарапынан коронавирусқа қарсы оперативті жоспар даярланып, медициналық қорғаныс құралдары мен екі айлық дәрі – дәрмек қоры жинақталған. Covid-19 індетіне шалдыққан науқастарға медициналық көмекті көрсету үшін 16 мобильді топ құрылған.
03:39, 16 Қараша 2020
Шардарада мақта өңдеу компаниясы ауруханаларға 10 оттегі концентраторын сыйға тартты
ШАРДАРА. ҚазАқпарат – Түркістан облысы, Шардара аудандық орталық ауруханасына жомарт жандардың демеушілігімен 10 оттегі концентраторы табысталды. «ICC» мақта өңдеу компаниясы Қазығұрт және Төлеби аудандық орталық ауруханаларына да тыныс алу аппараттарын тарту етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.