Шардара АПБ баспасөз қызметінің хабарлауынша, 15 наурыз күні кезекші бөліміне кәмелет жасқа толмаған жасөспірімнің өз үйінің ауласында асылып қалғаны туралы ақпрат түскен.
«Бұл оқиға Шардара АПБ сотқа дейінгі тергеп-тексеру бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК 105 -бабы, яғни «өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» бойынша тіркелді. Сараптамалар тағайындалды. Болған оқиғаның мән-жайы полиция қызметкерлерімен тергеліп жатыр. Іс Түркістан облыстық полиция департаменті басшылығының бақылауына алынды», - деді баспасөз қызметінен.