Қаладағы әуежай алаңында ұйымдастырылған іс-шарада ұлдар мен қыздар 9 командадан қатысып, жарыс жолына шықты. Ұлдар арасында өткен марафон жарысында М.Әуезов атындағы жалпы орта мектебінің командасына жетер ешкім болмады. №16 колледж жастары ІІ орынды бағындырса, Жаушықұм мектеп-лицейінің командасы ІІІ орынды иеленді.
Желаяқ қыздар арасында Жаушықұм мектеп-лицейінің командасының мерейлері үстем болып, жеңімпаз атанды. Мұнда да №16 колледж командасы ІІ орынды, ал, М.Горький атындағы жалпы орта мектебінің командасы жүлделі ІІІ орынды иеленді. Жүйріктерге марапаттар тапсырылды.
Сонымен қатар, тоғызқұмалақтан 2001-2002 жылы туылған жасөспірім ұлдар-қыздар арасында Шардара аудандық №1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің ашық біріншілігі өтті. Жарысты балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры А. Сәкиев ашып беріп, спортшыларға сәттілік тіледі.
Ойлылардың ойынында зерек те ақылды оқушылар жеңіске жетіп отырды. Қызықты өткен тоғызқұмалақ жарысында қаладағы Қ.Аманжолов атындағы жалпы орат мектебінің командасы қанжығаға байлады. Ал, екінші орынды Құрманғазы атындағы жалпы орта мекетебінің командасы еншілесе, үшінші орынды Ш.Уәлиханов атындағы жалпы орта мектебінің командасы иеленді.