Шардаралық түлектер алты балалы анаға пәтер сыйлады
«Шардара» мектеп-лицейін 2008-2009 жылы бітірген түлектер «Қарекет» қайырымдылық қорымен бірлесе отырып, 6 баласы бар жалғызбасты ана Эльмира Жаңбыроваға осындай тосынсый жасады.
Айта кетейік, Шардара ауданы бойынша биылғы жылы көпбалалы отбасыларын қолдауға айрықша көңіл бөлініп отыр. Аудан әкімдігі тарапынан бұған дейін Қ.Тұрысбеков ауылынан бой көтерген 10 пәтерлі тұрғын үйдің біреуі үшемдерді өмірге әкелген Гүлжанат Пернебаеваға берілсе, жуырда ғана Қоссейіт ауылының 20 жылдық түлектері өздерінің сыныптас достары, 9 баланы өмірге әкелген Анастасия Волокитинаға жер учаскесін рәсімдеп, 3 бөлмелі жаңа үй салып берген болатын.